Қос бірдей өнер ордасына «Ұлттық» мәртебе берілмек
Былтыр ел ішінде 61 мәдениет нысаны салынып, 250-ден астам мекемеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар Президент Жарлығымен үш мұражайға «Ұлттық» мәртебе берілді. Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасатынын атап өтті. Осы ретте, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры мен Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияға «Ұлттық» мәртебе беруді ұсынды. Сондай-ақ Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрына «Академиялық» мәртебе беру қажет екенін атап өтті. Президенттің бұл бастамасын Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармония ұжымы зор қуанышпен қабылдады.
Мәди Тайпин, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияның директоры:
Әрине ол сәтте қуаныш болды. Қуанышымызда шек болмады. Ұлттық деген мәртебе бұл бізге жай мақтаныш емес, үлкен жауапкершілк. Ол үлкен еңбек, ол үлкен сенімі мемлекет тарапынан беріліп жатқан. Өзіміздің күшімізді, жігерімізді аямай, басқа да белестерді бағындырамыз деп сенімдемін.Қазіргі таңда филармония құрамында он үш шығармашылық ұжым бар, онда алты жүзден астам маман еңбек етеді. Филармониядағы іргелі өнер ұжымдарының бірі - Қазақ оркестріне жетекшілік етіп, ұлттық өнерді әлемге танытып жүрген белгілі дирижер Айтқали Жайымов Мемлекет басшысының бұл бастамасын көпжылдық еңбекке берілген баға деп санайды.
Айтқали Жайымов, Қазақстанның халық әртісі, профессор 5497:
Біздің Президентіміз мәдениет пен өнерге, білімге, ғылымға өте ерекше қарайды., қолдау көрсетеді әрқашан да. Президентімізге алғысымыз шексіз, бүкіл ұжым бәрі қуанып жатыр. Бұл бізге жаңа стимул береді. Өнерімізді әрі өрістетіп, ұлттық музыкамызды, өнерімізді дәріптей береміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы