Жапония императоры Әбсаттар Дербісәліні орденмен марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапония императоры Әбсаттар Дербісәліні орденмен марапаттады

22.08.2019

Талай жыл еліміздің бас мүфтиі болған Әбсаттар қажы қазіргі таңда Шығыстану институтын басқарады. Ғалымның бастамасымен Кеңестік кезеңнің өзінде еліміздегі беделді оқу орындарында шет тілі бөлімдері ашылған. Оның ішінде жапон тілі де бар. Қос елді жақындастырған осы еңбегі үшін Жапония императоры оған «Күншығыс. Алтын шуақ» орденімен марапаттады.

Мәртебелі сыйлықты Жапонияның Қазақстандағы елшісі табыстады. Бұған дейін бұл марапат Қазақстанның 5 азаматына табысталған. Олардың ішінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев та бар.

Әбсаттар Дербісәлі, Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры:

Маман болсын, ғалым болсын, жай қарапайым халық болсын, бір-бірімен тіл білу арқылы танысады, жақындасады. Түріктің жақсы бір мақалы бар екен: «тіл білген құшақтасады, тіл білмеген пышақтасады» деген. Тіл білу арқылы солардың мәдениетін білуіміз керек, тек қана жапон елінің ғана емес. Өзіміздің де мәдениетімізді танытуымыз керек оларға.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу