Басты Жаңалықтар «Қарызсыз қоғам» миллиондай адамға көмектескен

«Қарызсыз қоғам» миллиондай адамға көмектескен

«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында екі жылда миллионға жуық азамат көмек алған. Бұл туралы бүгін арнайы ұйымдастырылған пресс-турда белгілі болды. «Amanat» партиясы ұйытқы болған жоба қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға нақты көмек көрсетіп келеді. Мәселесін шешіп, бұғатталған шоттарын ашуға, жалақысы мен жәрдемақысына қайта қол жеткізуіне заң тұрғысынан көмектеседі. Сондай-ақ мамандар азаматтарға қаржылық сауат пен құқықтық кеңес береді. Партия өкілдерінің айтуынша, бастама әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етудің тиімді тетігіне айналған.

Олжас Ордабаев, «Қарызсыз қоғам» жобасының директоры:
Біз осы жобамен айналып жүргенімізге 4 жыл болды. Ең басында жоба тек қана қаржылық сауаттылық туралы болды. Соңғы екі жыл біз заңгерлік көмек көрсетіп жатырмыз. Былтыр осы жоба арқылы 860 мыңға жуық адамға көмектестік. Адамдардың көбінің аресттері шешілді. Реконтурикцазия, пересмотр графика. Онлайн қаржылық сауаттылық курстарын өтті. Биыл 60 мыңдай адамға көмек көрсеттік. Күніне контакт центрге 5 мыңдай адам хабарласады. 
Аягөз Қалиева, Астана тұрғыны:
Графикке қойып төлеуге де шамам болған жоқ, денсаулығыма байланысты. Соңғы ұсыныс банкроттыққа тапсыру болды. Банкроттыққа тапсырдым. Банкроттық берілді. Қарыздарым кешіріліп, счеттарым ашылатын кезде сот орындаушыларынан қысым болды. «Қарызсыз қоғамға» қайта хабарласып, солардың жол көрсетуімен арыз жаздым, счеттарымның бәрін ашып берді.


Бөлісу