Ақмола облысында егін науқаны қызу жүріп жатыр
Ақмола облысында егін науқаны қызу жүріп жатыр. Диқандар өңірдегі 5 млн гектардан аса алқаптың шамамен 46 пайызына дән сеуіп үлгерді. Көктемгі егіс жұмыстары 15 күнде аяқталмақ.
Атбасар ауданында көктемгі егіс жұмыстарына екі мыңнан астам техника жұмылдырылған. Жергілікті шаруа 9 мың гектардан астам алқаптың 60 пайызына тұқым сепкен. «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша 683 миллион теңге көлемінде жеңілдетілген несие алған серіктестік, осы қаржының арқасында көктемгі дала жұмыстарын ерте бастадық дейді. Жалпы, биыл өңірдегі ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге 104 миллиард теңге бөлінген. Былтыр ақмолалық шаруалар 7,6 миллион тонна бидай жинап, рекорд орнатқан еді.
Ғалымжан Әріпов, шаруа:
Егіс науқанын 6 мамырда күнбағыс егуден бастадық. Биыл жалпы егістік алқабының 35 пайызына майлы дақыл, 25-не бұршақ, ал 40 пайызына дәнді дақылдар сіңірмекпіз. Яғни, егіс алқабын әртараптандыруға көңіл бөліп отырмыз. Биыл топырақтағы ылғал қоры жақсы сақталған. Қазір жоспарланған алқаптың шамамен 60 пайызына дән сіңірілді.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Испания құрамасы жартылай финалға өтті
11.07.2026, 20:09
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05
О.Бектенов «Болашақ ойындары 2026» турниріне дайындықты тексерді
11.07.2026, 20:05