Басты Жаңалықтар Балалар лагерьлеріне бірыңғай талаптар енгізілді

Балалар лагерьлеріне бірыңғай талаптар енгізілді

1 сәуірден бастап елімізде алғаш рет балаларды сауықтыру орталықтарының қызметі лицензияланады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Жаңа жүйе балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі сапалы ұйымдастыруға бағытталған. Талаптар да барлығына ортақ болмақ. Яғни орталықтар білім беру және сауықтыру бағдарламаларымен, білікті педагогикалық және медициналық мамандармен,  қауіпсіздік жүйелерімен, санитарлық талаптарға сай жағдаймен,  қажетті материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ұйымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтып, мемлекеттік бақылауды жүйелі жүргізуге мүмкіндік береді. Ал лицензиялау жүйесі талапқа сай келмейтін ұйымдардың жұмысын шектемек. Қазір жер-жерде арнайы штабтар құрылып, балалар лагерьлерінің жазғы маусымға дайындығы тексеріліп жатыр.


Бөлісу