Басты Жаңалықтар Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды

Шенген аймағындағы шекаралық тексеру цифрландырылды

Шенген аймағына мүше 29 елде электронды Entry/Exit System жүйесі іске қосылды.  Бұл жүйе паспортқа мөр басудың орнына шекарадан өту деректерін электронды түрде тіркейді. Жаңа ереже Еуроодаққа кірмейтін елдердің азаматтарына, соның ішінде қазақстандықтарға да қатысты. Жүйе шекарадан өтуші үшінші ел азаматтарының биометриялық дерегін тіркеп, тексеріп отырады. Жаңа ереже ЕО құрамына кірмейтін елдердің азаматтарына, яғни Шенген аймағына 90 күнге дейінгі қысқа мерзімді сапармен келетін тұлғаларға қолданылады. Алайда Шенген аймағында тұруға рұқсаты бар шетел азаматтары бұл талаптан босатылады.

Ресейге кіру тәртібі өзгереді

Сонымен қатар, 1 шілдеден бастап Ресей Федерациясы аумағына кіру тәртібіне қосымша талаптар енгізіледі. Ресейге еңбек етуге немесе білім алу мақсатында баратын отандастарымыз  «RU ID» мобильді қосымшасына тіркеліп, алдын ала онлайн өтініш жібереді. Электрондық өтінішті мемлекеттік шекарадан кесіп өтуге кемінде 72 сағат бұрын тапсыруы қажет.

Ерлан Жетібаев, ҚР СІМ Ресми өкілі:

Өтініш қаралғаннан кейін қосымшада кіру құқығын растайтын жеке QR-код қалыптастырылады. Аталған QR-код өтініш берілген сәттен бастап 90 күн бойы жарамды болады. Министрлік Қазақстан Республикасы азаматтарына Ресей Федерациясына сапарды жоспарлау кезінде жаңа талаптармен алдын ала танысып, енгізілген өзгерістерді ескеруді сұраймыз.
Бөлісу