Басты Жаңалықтар Астанада Алтын Орда мұрасын зерттеу мен дәріптеуге арналған Қарар қабылданды

Астанада Алтын Орда мұрасын зерттеу мен дәріптеуге арналған Қарар қабылданды

Астанада Алтын Орда мұрасын зерттеу мен дәріптеуге арналған Қарар қабылданды


«Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» халықаралық симпозиумы аясында симпозиум қатысушылары Алтын Орда мұрасын зерттеу мен насихаттауға арналған Қарар қабылдады. Іс-шараға әлемнің 23 елінен 300-ден астам ғалым, сарапшы және маман қатысты.

Симпозиум ЮНЕСКО қолдауымен өтіп, оған халықаралық ұйымдар мен ғылыми орталықтардың өкілдері қатысты. Қарарда Алтын Орда мұрасын халықаралық деңгейде зерттеу, археологиялық ескерткіштерді сақтау, ғылыми ынтымақтастықты күшейту және Ұлы дала өркениетінің тарихи рөлін кеңінен дәріптеу мәселелері қамтылды. 

Қатысушылар Алтын Орданың көпмәдениетті қоғам қалыптастырудағы, сауда, дипломатия, құқық, өнер мен рухани мәдениетті дамытудағы маңызын атап өтті. Сонымен қатар халықаралық ғылыми жобаларды, тағылымдамалар мен академиялық алмасуды кеңейту бастамаларына қолдау білдірілді.


Бөлісу