Көлік тізгіндеген әйел бір баланы қағып кетті
Көкшетауда көлік тізгіндеген әйел жаяу жүргінші жолына шығып кетіп, анасымен келе жатқан баланы қағып кетті.
Резонанс тудырған оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Кәмелетке толмаған бала аман қалды. Жеңіл жарақат алған баланың анасы жүргізушіге шағым түсіруден бас тартқан. Десе де, желі қолданушылары жүргізушіні қатаң жазалау керек деген пікірлер жазуда. Олардың болжамынша, жүргізуші газ бен тежегішті шатастырып алды. Полицияның баспасөз қызметі жүргізуші әкімшілік жазаға тартылады дейді.
Әсем Әбдірахманова, облыстық полиция департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған бала жеңіл жарақат алды, медицина қызметкерлері қарап болған кейін үйіне жіберілді. Баланың ата-анасы жүргізушіге ешқандай шағым түсірмеді. Пполиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы бойынша материал жинақтап, жүргізуші қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартады.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрлық мүмкіндік пен спорттық шеберлік тоғысқан дода
22.07.2026, 20:32
Олимпиада-2028: Билеттердің ресми сатылымы басталды
22.07.2026, 20:30
Жетісу облысында шаруалар қысқы мал азығын қамдап жатыр
22.07.2026, 20:24
Маңғыстауда Шетпе теміржол вокзалы бастан-аяқ жөнделіп, қайта ашылды
22.07.2026, 20:24
Астанада «4739» деректі фильмінің премьерасы өтті
22.07.2026, 20:23
110 гектар алқапқа апорт көшеттері әзірленіп жатыр
22.07.2026, 20:21
Шымкентте мағыналы муралдар көбейіп келеді
22.07.2026, 20:16
Ұлыбританияда жасөспірімдерге энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады
22.07.2026, 20:10