Қазақстанда алғаш рет Best of ESMO Kazakhstan 2026 халықаралық ғылыми конференциясы өтеді
Іс-шара 21–22 мамыр күндері Алматы қаласында ұйымдастырылады. Жиынға Қазақстаннан және шетелден 300-ден астам онколог дәрігерлер, зерттеушілер және медицина саласының мамандары қатысады. Конференцияда АҚШ, Франция, Испания, Египет, Грузия, Ресей және Беларусь елдерінен келген жетекші халықаралық сарапшылар, сондай-ақ Қазақстанның жетекші онкологтары баяндама жасайды.
Бағдарлама барысында қатерлі ісіктерді емдеудің заманауи әдістері, иммунотерапия, таргеттік терапия, диагностика және персоналдандырылған медицинадағы жаңа жетістіктер талқыланады. Сондай-ақ онкоурология, сүт безі, өкпе және асқазан-ішек қатерлі ісіктері мен жатыр мойны обырының алдын алу мәселелері қаралады.
Аталған конференция тәжірибе алмасуға, онкология саласындағы соңғы ғылыми жетістіктерді талқылауға және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға маңызды алаң болады.
Best of ESMO — бұл Еуропалық медициналық онкология қоғамының (ESMO) халықаралық білім беру бағдарламасы, онда ESMO жыл сайынғы конгресінде ұсынылған ең маңызды ғылыми нәтижелер мен клиникалық зерттеулер таныстырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы