IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі басталды
Астанада IV Халықаралық Қазақстан музей конгресі мен «Қазақстан – Франция 2026» Музеология форумы басталды. Үш күнге созылатын халықаралық жиынға Қазақстанмен қатар Франция, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжаннан музей саласының мамандары келді. Олар тарихи-мәдени мұраны сақтау, музей қорларын цифрландыру, 3D визуализация, виртуалды көрмелер мен мәдени дипломатия мәселелерін талқылайды. Форум аясында шеберлік сабақтары, секциялық отырыстар және халықаралық кездесулер ұйымдастырылады. Мамандардың айтуынша, бүгінде музейлер жәдігер сақтайтын орын ғана емес, инновация мен халықаралық ынтымақтастықтың маңызды алаңына айналған. Іс-шара 21 мамырға дейін жалғасады.
Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Ұлттық музей директоры:
Жасанды интеллектке, цифрлыққа байланысты мамандар шақырып отырмыз. Біріншіден, Е-музей деген цифрлық түрде әрбір экспонатты әркім үйде отырып көре алатын мүмкіншілік жасап жатырмыз, Мәдениет министрлігінің қолдауымен. Сонымен қатар әлемдік тәжірибені зерттегіміз келеді. Оған біздің француз елшілігінің қолдауымен ертеңгі күні арнайы осы конргресстің аясында қазақ-француз мамандарының үлкен форумы болады. Ол жерде арнайы француздың мықты мықты музейлердің мамандары келіп, өз тәжірибесімен бөліседі.
Мұрат Бозджу, Айя-София тарихи музейінің директоры:
Ортақ тарих пен ортақ мәдениетті насихаттайтын мұндай жобалардың маңызы зор. Тарихшылар, археологтар мен музей мамандары мұндай халықаралық шаралардың қажеттілігін жақсы түсінеді. Ендігі міндет – осы бауырластық пен ортақ мәдени мұраны жас ұрпаққа кеңінен таныту. Форум осы бағыттағы маңызды алаңдардың біріне айналмақ.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Музей түні – 2026»: 17 мың адам тамашалады
19.05.2026, 13:15
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде
19.05.2026, 13:12
Дінде ағза донорлығына рұқсат бар
19.05.2026, 13:06
Аралдың 1 млн гектар қайраңына сексеуіл еккен
19.05.2026, 13:03
Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейсі ашылады
19.05.2026, 13:00
Леонардо да Винчи көрмесі Астана төрінде: 40-тан астам жәдігер әкелінді
19.05.2026, 10:11
«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
19.05.2026, 10:09
Бас мүфти кәсіпкерлерге үндеу жасады
19.05.2026, 10:06