«Dosti Skills Kokshetau - 2026» халықаралық чемпионаты өтіп жатыр
Көкшетауда колледж студенттері арасында «Dosti Skills - 2026» халықаралық деңгейдегі салалық чемпионат өтуде.
Жарыс жасанды интеллект және цифрландыру жылына орай ұйымдастырылған. Додада студенттер электроника, автономды мобильді робототехника, прототиптеу және ұшқышсыз ұшу жүйелері сынды 4 бағыт бойынша бақ сынайды. Оған Қазақстанның 16 облысы мен Австрия, Жапония, Әзірбайжан елдерінен барлығы 50-ден астам студент қатысып жатыр. Үш күнге созылатын додада мықтылар анықталып, жеңімпаздар Қытайда өтетін әлемдік чемпионатқа жолдама алады.
Нұрдәулет Жайылхан, студент:
Біз бірінші орын алсақ, Шанхайға жолдама аламыз. Әлемдік деңгейде Қазақстанның атын шығаруға барлық күш-қуатымызды саламыз. Мақсатым осы Қазақ елінің роботын және Жапония, Қытай елдерімен тең дәрежеде тұруын және олардан асып түсуіне атсалысу.
Нартай Ыбыраев, облыстық Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын дамыту орталығының басшысы:
Бұл – кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының студенттерін халықаралық дегейдегі өз құзыреттіліктерін, білімдерін дәлелдеу, шыңдау және халықаралық аренадағы жұмыс берушілердің көзіне түсу, олардан жұмысқа шақырту алу.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Борышкерлерге арналған жаңа платформа іске қосылады
17.06.2026, 20:08
Депутат жатақхана орындарын бөлетін платформа құруды ұсынды
17.06.2026, 20:06