Басты Жаңалықтар Сауалнама: 84% халық даму бағытын қолдайды

Сауалнама: 84% халық даму бағытын қолдайды

Халықтың 84 пайыздан астамы ел дамуының бағытын қолдайды. Стратегиялық зерттеулер институтының тапсырысы бойынша жүргізілген сауалнама нәтижесі осындай. Сондай-ақ, Мемлекет басшысына сенім деңгейі - 86,7 пайыз. Сауалнама 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Оған еліміздің барлық өңірінен 18 жастан асқан  8 000 респондент қатысқан. Президентке деген ең жоғары сенім әсіресе жастар арасында тіркеліп отыр - 91,4%. Жас буын мемлекет тарапынан ұсынылатын білім гранттары, түрлі бағдарлама, цифрлық қызметтер және өзге де қолдау тетіктерін жиі пайдаланады. Ал қала мен ауыл халқының қолдау деңгейінде аса айырмашылық жоқ. Екеуі де жоғары. Бұл экономикалық жағдайды оң бағалау мен Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын қолдау арасындағы өзара байланысты аңғартады. Аталған көрсеткіштер қоғамның елді жаңғырту мен жүйелі реформалар бағытын берік қолдайтынын айғақтайды делінген сауалнама қорытындысында. 


Бөлісу