Басты Жаңалықтар 1-сыныпқа цифрлық форматта қабылдайды

1-сыныпқа цифрлық форматта қабылдайды

Елімізде бірінші сыныпқа құжат қабылдаудың пилоттық жобасы енгізіледі. Министрлік дерегінше, жоба 1-сыныпқа қабылдау процесін цифрлық форматта жүргізуді көздейді және ол 27 мамыр мен 31 тамыз аралығында жүзеге асады. Өңірлер бойынша құжат қабылдау кезең-кезеңімен жүргізіледі. 27 мамырда Астана қаласы, Абай және Жетісу облыстары, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында құжат қабылдау басталады. 10 маусымнан Алматы қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары қосылады. 18 маусымнан бастап Алматы, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстары мен Шымкент қаласында жалғасады. Науқан Түркістан, Маңғыстау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарында 29 маусымда басталады. Сондай-ақ жүйеде «Күту бөлмесі» механизмі енгізіледі. Егер бір мезетте түсетін өтініш саны шамадан тыс көбейсе, жаңа пайдаланушылар электронды кезекке жіберіледі. Олар өз кезегінің ретін онлайн бақылай алады. Сонымен қатар берілген өтінішті электронды түрде кері қайтарып алу мүмкіндігі қарастырылған.


Бөлісу