Қазақстан мен Түркия «АНКА» дрондарын бірге өндіреді
Апта ортасында сондай орден тағайындалатыны Наурызда хабарланған, парламент осы аптада бекіткен Qoja Ahmet Yasaui орденінің біріншісі Түркия Республикасының президенті Режеп Тайип Ердоғанға берілді.
«Сіз туыстас елдердің рухани және саяси тұтастығын бекемдеу жолында аянбай еңбек етіп жүрсіз», – деді біздің президент.
Түркия президентінің мемлекеттік сапары рас, өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған:
Түрік кәсіпкерлері экономикамызға 6 миллиард доллар қаражат салған. Біздің инвестиция 2,5 миллиард долларға жетті. Қазір елімізде 4 мыңға жуық түрік компаниясы жұмыс істейді. Түркия – еліміздің ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Елеңдейтін сұрақтың бірі – Орта дәліз. Қ.Тоқаев «Орта дәліздің» әлеуетін арттыруға уағдаластық», – деді. Р.Ердоған қостады.
Ердоғанның мемлекеттік сапары аясында жасалған келісімдер мен түрлі мәміленің бірқатарына тоқталсақ: TAV Airports Holding компаниясы Алматы халықаралық әуежайын Орталық Азиядағы логистикалық хаб ретінде дамытуды көздеп отыр. Turkish Petroleum Corporation компаниясы мұнай-газ нарығына кіруге ниетті. Түрік компанияларының кен орындарын игеру, металды қайта өңдеу және құйма өндірісі саласындағы тәжірибесі мол. Солар да шақырылған. Сосын ауыл шаруашылығына байланысты Жол картасы қабылданбақ. Түріктер Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар шығаратын зауыт та салмақ.
Сапарға орайластырып, Газиантеп провинциясындағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен азаматтарға Қазақстанның атынан салынған мектеп ашылғанын айта кетейік.
Қол қойылған құжаттардың арасында «Мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы» декларация – қорытынды сөз.
Дегенмен бұл позицияны мына жаңалықпен қорытындылаймыз: Қазақстан мен Түркия «АНКА» дрондарын өндіретін және оларға сервистік қызмет көрсететін бірлескен кәсіпорын ашады. Сондай келісім жасалды.
Автор
Жайна Сламбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10