Елордада PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды
Елордадағы «Barys Arena» спорт кешенінде Counter-Strike 2 бойынша PGL Astana 2026 халықаралық турнирі басталды. Оған әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысады.
Жүлде қоры 1,6 миллион АҚШ долларын құрайтын турнирді PGL Esports SRL ұйымдастырды. Жарысқа әлемдік деңгейдегі 16 команда қатысуда, олардың арасында Team Spirit, G2 Esports, FURIA Esports және Heroic бар. Шақырылған қонақтардың арасында Counter-Strike бойынша әлем чемпионы Дәурен Қыстаубаев, FURIA Esports ойыншысы Даниил Голубенко, стример Слава Бустер, PGL турнирлерінің жүргізушісі James Banks, сондай-ақ әлем чемпионы Габриель Толедо бар. Турнир Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен 2026 жылға арналған туристік іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.
Сарапшылар әлемдік аудиторияның киберспортқа деген қызығушылығының артуы аясында Қазақстанда мұндай ірі жарыстарды өткізу Астананың шетелдік туристер үшін тартымдылығын арттыратынын атап өтті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы