Басты Жаңалықтар Көкшетауда Отбасы күніне орай «Отбасы аллеясы» ашылды

Көкшетауда Отбасы күніне орай «Отбасы аллеясы» ашылды

Көкшетауда Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы аллеясы» ашылып, ағаш көшеттері отырғызылды. Сонымен қатар «Әкелер Одағының» отырысы өтті. «Отбасы ағашы» акциясына көпбалалы шаңырақ иелері мен үлкен әулет  өкілдері және жас отбасылар қатысып, қарағай ағашының көшеттерін отырғызды. Олардың қатарында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының былтырғы жеңімпаздары Хамзиндер  де бар. Ғалымжан Әбілқайырұлы жұбайы Гауһар Орынғалиқызымен 49 жыл отасып, 4 бала өсіріп, 8 немере сүйіп отырған бақытты отбасының отағасы. 50 жыл орман шаруашылығында еңбек еткен жан ағаш отырғызудың экологиялық маңызымен қатар өскелең ұрпаққа берер тәрбиесі мол екенін айтады.

Ғалымжан Хамзин, Бурабай ауданының тұрғыны:
Бүгін қарағай шыршасын отырғызып жатырмыз. Қарағай негізінде 100-150 жыл бойы өседі. Сондықтан, мысалы бізідң немерелеріміз неменелеріміз айтып жүретіндей жағдай болады. Ал негізі отбасы құныдылығы  ол бір-бірін сыйлауда. Біздің ата-бабамыз айтып кеткен, біріңе бірін қарым-қатынас жасаңдар, біріңді бірің түсініп жүріңдер деп.
Осы күні «Amanat» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында «Әкелер одағының» отырысы өтті. 2019 жылы құрылған одақтың бүгінде Ақмола облысы бойынша 20 филиалы бар. Одақ құрамындағы әкелер отбасы институтын нығайтып, отбасылық құндылықтарды насихаттауға және бала тәрбиесіне өз үлестерін қосып келеді.
Ерлан Закирьянов, облыстық «Әкелер одағы» қоғамдық ұйымының төрағасы:
Өзіміздің ереже бойынша, дене шынықтыру болсын, білім болсын, басқа салалаларда, рухани тұрғыдан, үлкен кісілерді сыйлау сияқты өзіміздің салт-дәстүрімізді әрі қарай жалғастыру үшін соған әкелер ат салысып, жұмыс істеп жатыр.


Бөлісу