KAZ-LLM: Қазақстанның жасанды интеллекттегі жаңа белесі
ISSAI KAZ-LLM жасанды интеллекті осыдан екі жыл бұрын таныстырылды. Сол уақыттан бері тілдік модель үздіксіз дамып келеді. Осылайша, Қазақстан өз күшімен үлкен тілдік модель жасаған үздік 20 елдің қатарына енді. Супер компьютер – супер технология ғана емес. Бұл еліміздің цифрлық тәуелсіздік мәселесі екенін де ерекше атап өткен жөн. Қазір елімізде бірқатар мекемелерде қуатты есептеу жүйесі жұмыс істеп тұр.
Жасанды интеллект XXI ғасырда кез-келген елдің экономикалық дамуының негізгі тірегі. Бүгін, мемлекеттердің қуаты деректі қалай сақтайтынымен, өңдейтінімен, қорғайтынымен де бағаланады. Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып супер компьютерлер желісін іске қосты. АҚШ-да өндірілетін супер технологияны елге әкелу ұзақ келіссөздер нәтижесі. Мемлекет басшысы Қазақстан жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті IT-компаниялар қалыптастыратын алаңға айналуы тиіс екенін ылғи айтады. Ел ішінде ғылыми орталықтар құрылып, салаға қажетті инфрақұрылым қалыптасты. Ұлттық дерек қорлар жинақталып, отандық тілдік модельдер іске қосылып жатыр.
Ербол Әбсәлямов, ISSAI атқарушы директоры:
KAZ-LLM жасаған кезде 150 млрд токин қолданды. Токен дегенеміз бірлік. 1 токен-1 сөз. 150 млрд сөз жиналды. Кітапқа аударсақ 150 млн кітап. Осыншама кітапты неше уақытта оқып, түсіне аласыз. Мүмкін Сізге 100 өмір керек болады. КАЗЛЛМ жасаған кезде 14-16 күн ішінде зертеп шықты.
Қайрат Айтбай, Freedom Cloud Holding компаниясы төрағасының бас кеңесшісі:
Президентіміздің АҚШ президентімен келісімі сол. ISSAI KAZ-LLM отандық ғалымдардың мақтанышы. Қазақстандық жасанды интеллект қазақшаны емін-еркін түсінеді және сөйлей алады. Kaz-LLM танымал чат-GPT платформасына балама бола алады. Артықшылығы да аз емес. Жаңа жүйе қазақ дүниетанымына толық бейімделген.
Ербол Әбсәлямов, ISSAI атқарушы директоры:
Қазақстанда бірінші үлкен тілдік ЛЛМ чат джипитідің баламасы бізідң институтта шығарылды. Оны жасаған біздің жастарымыз. СК қолдандық. Үлкен дерек қорымен жұмыстадық. Әрине, КАЗЛЛМ жобасын ЖИ министрлігі, бірнеше ВУЗ бірге жұмыс істеді. Модельді жасаған өзіміз.
Ақылбек Мақсотов, ISSAI деректер талдаушысы:
ЖИ даму барысында өз тілін сақтап қалам десе, өз мүддесі ғой. Көрші қырғыз, өзбек еледрінде өз ЖИ жасайтын командалары пб жатыр. Қазақ тілін білетін ЖИ біздің басты мақсатымыз болды. Қазақы, Қазақстандықтарға, қазақтармен жасалған.
Аталған жобалардың қай қайсысыда ірі жетістік. Қазақстан өз күшімен үлкен тілдік модель жасаған әлемдегі санаулы елдің бірі. Алайда мұның бәрі жоғары есептеу қуатынсыз мүмкін емес.
Мемлекет басшысы өткен жазда Alemcloud Ұлттық суперкомпьютерін өз қолымен іске қосты. Жаңа суперкомпьютер кластері қуаты жағынан Орталық Азияда теңдесі жоқ.
Жаслан Мәдиев, Премьер-Министрдің орынбасары, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі:
Аталған суперкомпьютер ғылым, мемлекеттік басқару, ұлттық қауіпсіздік, экономика және жасанды интеллект модельдерін дамыту үшін пайдаланылады. Жүйе жоғары есептеу қуатымен ерекшеленіп, отандық деректерді ел ішінде өңдеуге және сақтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде шетелдік технологиялық инфрақұрылымдарға тәуелділікті азайтып, ұлттық деректердің қауіпсіздігін күшейтеді.
Қайрат Айтбай, Freedom Cloud Holding компаниясы төрағасының бас кеңесшісі:
СК алмасақ СК бар елдерге тәуелді болып қаламыз. Ол біздің болашақта дамуымызға жасалған платформа.
Суперкомпьютердің есептеу қуатын нейрожелі шешімдерін әзірлеумен айналысатын стартаптар, университеттер мен ғылыми орталықтар, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен жеке компаниялар пайдалана алады.
Досжан Мұсалиев, Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі:
Қазақстан 2025 жылдың қорытындысы бойынша IT-қызметтер экспорты көлемі $1 млрд-қа жету жөніндегі мақсатқа мерзімінен бұрын қол жеткізді. Бұл Astana Hub экожүйесінің дамуы, мемлекеттің қолдауы, IT-нарықтың өсуі және ЖИ саласындағы бастамалардың нәтижесі болды.2025 жылы IT-нарықтың жалпы кірісі шамамен 2 трлн теңгені құрады.
Astana Hub
еліміздегі IT-саласының негізгі экожүйесі ретінде танылды. Қатысушылар саны
2000-ға жетіп, олардың ішінде шамамен 25%-ы шетелдік компаниялар. Хабтың
стартаптары мен IT-компаниялары 30 мыңнан астам жұмыс орнын құрып, экономикаға
тартылған инвестициялар көлемі 900 млн доллардан асты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы