Түркістан Түркі мемлекеттері саммитін өткізуге дайын
Түркістан Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті қонақтарын қарсы алып жатыр. Ұлттық арнаның сол жерде жұмыс істеп жатқан түсірілім тобы біздбен байланыста. Тындап тұрмыз Азамат!
Азамат Бейбітұлы, тілші:
«Көп түрік енші алысып тарасқанда, Қазақта қара шаңырақ қалған жоқ па?». Ақын Мағжан қазақты ер түріктің мұрагері деп осылай жырлаған. Иә, бүгін түбі бір түркі елдерінің басшылары сол қара шаңырақта бас қосып жатыр. Түркістан баурлас елдердің рухани астанасы ғана емес, бұл ортақ шежірені бойына бүккен көне шаһар. Бұл түркі елдерінің келелі кеңес құратын киелі мекені, атажұрты. Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Түркия және Қырғызстан елдерінің президенттері бүгін тап осы Түркістан шаһарында бірнеше тарихи орынды аралап, саммит аясында жасанды интеллект және цифрлық даму тақырыбын талқылайды. Бұдан бөлек, Бұл халықаралық жиынға Түркістан қаласы тыңғылықты дайындалған. Саммит аясында Қолөнершілер қалашығында арнайы мәдени бағдарламалар ұйымдастырылып, шетелден келетін 17 қолөнерші өз жұмыстарын ұсынып жатыр. Бұл шара Түркістанның халықаралық мәдени диалог орталығы ретіндегі мәртебесін одан әрі күшейтетіні анық. Түркі мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті Түркістан жоғары деңгейде өтеді деген үміттеміз. Ерқанат, мұндағы әр шара мен әр маңызды мәлімдемелерді біз барынша жедел жеткізіп отырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06