Басты Жаңалықтар Пәкістандағы жарылыстан 7 адам қаза тапты

Пәкістандағы жарылыстан 7 адам қаза тапты

Осыдан бірер сағат бұрын Пәкістанның Лакки-Марват қаласының базарында алапат жарылыс болып, 7 адам қаза тапты. Құрбандардың екеуі – полиция қызметкерлері.

Айта кетсек, сенбі күні осы елдің солтүстік-батысындағы полиция бөлімшесіне содырлардың шабуылынан 15 тәртіп сақшысы мерт болған. Қанды оқиға үшін Пәкістан Ауғанстанды айыптап отыр. Алайда, тәліптер үкіметі мамырдың 9-да болған жарылысқа байланысты әзірге түсініктеме берген жоқ. Ресми Исламабадтың мәлімдеуінше, Ауғанстан Пәкістан аумағында шабуыл жасағандарға пана беріп отыр. Бірақ, «Талибан» мұны жоққа шығарып, содырлар мәселесін Пәкістанның ішкі проблемасы деп атады.

Кейбір сарапшылардың ойынша, бұл жарылыстар биыл бірнеше рет қақтығысқан екі ел қатынастарының тағы да шиеленісіп бара жатқанын білдіреді.


Бөлісу