Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
Мемлекеттік кеңесші
Ерлан Қарин Жеңіс күніне орай Халық қаһарманы, Кеңес Одағының батыры, белгілі
қаламгер Бауыржан Момышұлының Астана қаласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын
қойды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
Іс-шараға Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшелері де қатысқан.
Рәсім барысында Мемлекеттік кеңесші батырлардың ерлігі халық жадында мәңгі сақталатынын атап өткен.
«Мәселен, Мемлекет басшысының Ұлттық Құрылтайдың Атырау облысында өткен отырысындағы тапсырмасына сәйкес, 2024 жылы «Айбын» орденінің дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының, Рақымжан Қошқарбаевтың есімдері берілді.Бұған қоса Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 24 желтоқсанда Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толған күні даңқты батырға «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол қойды.Бауыржан Момышұлының жарқын бейнесі мен ерен ерлігі жас ұрпақ үшін қашанда үлгі-өнеге. Ал өмір жолы – нағыз жасампаз патриотизмнің, ар-намыстың әрі Отанға қызмет етудің биік шыңы», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Smart City жүйесін дамытудың жаңа ережесі бекітілді
14.08.2026, 20:44
«Shaiqas-2026»: Ұлттық әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр
14.08.2026, 20:31
Almaty SuperSki жобасын салудың дайындық кезеңі басталды
14.08.2026, 20:27
Имантаудан қола дәуіріне тиесілі қоныс табылды
14.08.2026, 20:25
Әр салада жетістікке жеткен жастар марапатталды
14.08.2026, 20:21
Шетелдік сарапшылар: Құрылтай сайлауының маңызы ерекше
14.08.2026, 20:14
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағының негізі
14.08.2026, 20:13
Үгіт-насихат науқанының аяқталуына 1 апта қалды
14.08.2026, 20:12