Басты Жаңалықтар Ясауи еңбектері терең зерттеуді қажет етеді

Ясауи еңбектері терең зерттеуді қажет етеді

Қожа Ахмет Ясауидің ілімі, мәдениеті, мұрасы туралы қолжазбалар мен хикметтер бірнеше елге тарап кеткен. Отандық ғалымдар қазір оларды жинақтап, біріндеп зерттеп жатыр. 4400-дей хикметтің қазір тек 250-ге жуығы Ташкенттегі ескі кітапханалардан табылған. Тағы біраз бөлігін Түркістан қаласы мен Сауран ауданының тұрғындары Әзірет Сұлтан ұлттық тарихи-мәдени музейіне өткізген. Осы дүниелерге сүйене отырып, Ясауидің философиялық ой-толғамдарын тереңірек зерттей түсу керек дейді ғалымдар. Қазір Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ясауитану» оқу бағдарламасына енгізілген. Оған қоса, бүгінгі күнге дейін Ясауи туралы 500-ге жуық магистрлық, докторлық диссертация қорғалған.

Досай Кенжетай, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор:

Біз Қожа Ахмет Ясауидің мәдениеті, ілімі, мұрасы туралы қолжазбаларды енді ғана бастап жатырмыз. «Ясауитанудың» жаңа бір белесін шығаруымыз керек. Яғни жан-жақты зерттеуді, тек қана зерттеу ғана емес, насихаттауды да қолға алып, тек қана ғылыми тұрғыдан емес, өнер тұрғысынан мысалыға, фильмдерден көрсетуіміз керек.


Бөлісу