Иран АҚШ-қа соғысты тоқтату бойынша өз ұсыныстарын жіберді
Иран АҚШ-қа 14 пунктен тұратын бейбіт жоспар ұсынды. Мұны осы елдің «Фарс» және «Тасним» агенттіктері хабарлап отыр.
Олардың дерегінше, Тегеран барлық майданда әскери жанжалды доғаруды, Ормұз бұғазы бойынша келісім жасауды, Американың Иранды блокадалауын тоқтатуды талап етіп отыр. Сонымен қатар, Иран Вашингтонға өзін санкциялардан босату, шетелдегі есепшоттарын қайта ашу тәрізді бірқатар шарттар қойды. Ислам Республикасы осы пункттер бойынша келісім жасалғанда ғана Құрама Штаттармен ядролық мәселені талқылауға кіріспек.
Алайда, АҚШ президенті Дональд Трамп бұл ұсыныстарды қарауға уәде бергенімен, құжаттың қабылданатынына күмән келтірді. Ол Иранға қайта соққы беру мүмкіндігін де жоққа шығармады Тегеран болса, тайталасқа да, дипломатияға да дайын екенін мәлімдеп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы