Президент: Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір
Мемлекет басшысы халқымыздың бірлігін айшықтайды деп белгіленген 1-мамыр мерекесіне орай құттықтауында былай айтқан:
«...Кезінде тағдырдың жазуымен елімізде тұрақтаған түрлі этнос өкілдері Қазақстан атты киелі Шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр...
...Біз бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарын жаңа Конституцияның преамбуласында нақты көрсеттік. Бұл – Қазақстан халқының саналы түрде жасаған таңдауы. Себебі азаматтарымыз баршаға бірдей құқықтар мен мүмкіндіктер беретін елде, әділ, тұрақты және бақуатты қоғамда тұруды қалайды. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы еліміздегі ауқымды жаңғыру үдерісінің арқауы ретінде осы биік мақсатқа жетуімізге кепіл болмақ. Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір.»
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы