Басты Жаңалықтар Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр

Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр

Бүгін әлемде миллиондаған адам еңбек күнін атап өтіп жатыр. Мәселе, Оңтүстік Кореяда Еңбек күні – мемлекеттік мереке. Оны атап өту үшін Сеулдің орталығына бүгін мыңдаған адам жиналды.
Былтырға дейін Кореяда бұл мейрамды ақылы демалыс ретінде жекеменшік сектор ғана атап өтті. Ал биылдан бастап 1-ші мамыр – бүкіл оңтүстіккореяляқтар үшін ұлттық мереке.
Ал Түркияның Ыстанбұл қаласының орталығында кәсіподақтар мен солшылдардың мерекелік шеруі полициямен қақтығысқа ұласты. Оның себебі әзірге белгісіз.
Филипппин астанасы Манилада 1-шы мамыр демонстрациясына шыққан халық Таяу Шығыстағы соғыстарды тоқтатуды талап еткен.
Ал Аргентина астанасы Буэнос-Айрес тұрғындарының Еңбек күніне арналған акциясы президент Хавьер Милейдің экономикалық саясатын айыптауға ұласты.

Бөлісу