Басты Жаңалықтар Бауыржан Момышұлының құнды қолжазбасы іздестіріліп жатыр

Бауыржан Момышұлының құнды қолжазбасы іздестіріліп жатыр

Жамбылдық ғалымдар Бауыржан Момышұлының соңғы шығармасына қатысты құнды қолжазбасына іздеу жариялады. Даңқты батыр көзі тірісінде «Соңғы сарбаздың соғыстағы соңғы күндері» деген шығарма жазып жатқанын айтқан. 

Оны бауыржантанушылар батырдың дыбыстық жазбалары арқылы анықтаған. Ғалымдар орыс тіліндегі қолжазбаның қайда жатқанын табу үшін тарихи архивтермен қатар туыстарының да естеліктерін түгел қарап шыққан. Алайда шығарманың қолмен жазылған нұсқасын кездестірмеген. Енді ғалымдар сырт елдерге сапарлауға ниетті. Оның қатарында Куба мен Ресей бар. Ғылыми ізденіс экспедициясы қаржылай қолдау тапса, Батыр Баукеңнің шығармаларын 100 томға жеткізуге болады дейді. Айта кетейік, бүгінде Бауыржан Момышұлының жарық көрген шығармалары 32 томнан тұрады.

Әлімбай Найзабаев, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері:

Дайындаған, бірақ сол кітап шықпай қалған. «Последние дни войны последнего солдата» деген. Қазір біз осы қолжазбаны іздеп жатырмыз. Жеке адамдардың қолында ма деген ойымыз бар. Табылып қалады деген үміттеміз.
«Мен осындай шығармамен жұмыс істеп жатырмын. Бірақ сол шығармам бұған дейінгі шығармаларымнан жанры, жазбасы бөлек.  Соны жазып, бітіріп кетсем, арманым жоқ еді» деген өзінің жазбасы бар.


Бөлісу