Әлемді елең еткізген жаңалықтар
Экс-президенттің әйелі 4 жылға сотталды
Оңтүстік Корея соты экс-президент Юн Сок Ельдің жұбайын түрмеге қамау мерзімін 4 жылға ұзартты. Ким Гон Хиді пара алғаны үшін қаңтарда 20 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шыққан еді. Бұған қоса бұрынғы бірінші ханым 29 мың еуро айыппұл төлеуге міндеттелді. Ким Хон Хидің қорғаушылары апелляциялық соттың шешіміне қатысты Жоғарғы сотқа шағым түсіретіндерін мәлімдеді.
2 пойыз соқтығысып, 14 адам қаза тапты
Индонезия астанасы Джакарта маңында электр пойызы мен алыс қашықтыққа жүретін пойыз соқтығысты. Апаттан қаза тапқандар саны 14-ке жеткен. 84 жолаушы жараланып, ауруханаларға жеткізілді. Адамдардың барлығы оқиға орнынан эвакуацияланған. Станция жабылып, қатынас шектелді. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.
Пәкістанның шабуылынан Ауғанстанда 7 адам қаза тапты
Пәкістан Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясына шабуыл жасап, жеті адамды мерт қылды. 75 адам жараланған. Айта кетсек, екі ел арасындағы қақтығыстардан соңғы бірнеше айда жүздеген адам қаза тапты. Исламабад Кабулды Пәкістан жерінде терактілер жасаған содырларға пана берді деп айыптап отыр. Алайда Ауғанстан өзіне тағылған кінәні үнемі жоққа шығарып келеді.
Бейжіңде автомобиль көрмесі өтіп жатыр
Бейжіңде жыл сайынғы халықаралық автомобиль көрмесі өтіп жатыр. Автосалонда көліктің мыңнан астам жаңа түрі назарға ұсынылған. Қытай астанасындағы шара көлемі жағынан әлемдік рекорд орнатты. 380 мың шаршы метр алаңға 1451 автомобиль қойылған. Бұл көліктердің кейбіреуі еліміздің нарығына жазда шығады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы