Әлемді елең еткізген басты жаңалықтар
Трамп қатысқан кеште оқ атқан күдіктіге бүгін айып тағылады
АҚШ президенті Дональд Трамп журналистермен өткізген кеште оқ атқан 31 жастағы Коул Аллен бүгін сот алдында жауап бере бастайды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, күдіктіге шабуыл жасады және қаруды заңсыз ұстады деген айып тағылуы мүмкін.
Иран сыртқы істер министрі Ресейге барды
Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи Санкт-Петербургке барды. Әлем ақпарат құралдарының хабарлауынша, ол президент Владимир Путинмен кездесуде Ислам Республикасына қарсы соғыс жайында сөйлеседі.
Мұнай бағасы 109 доллардан асты
АҚШ-Иран келіссөздерінің тұралауынан әлем нарығында мұнай бағасы қайта қымбаттап жатыр. Соңғы мәліметке қарағанда, оның Brent маркасы баррелінің құны 2 пайызға көтеріліп, 109 доллар 33 центке жетті.
Мәскеуде қар борап, ағаштар құлады
Мәскеуде бүгін қар борап, ағаштар құлап, кейбір автомашиналар зақымданды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 50-ден астам әуе рейсі доғарылған. Ал Мәскеу облысында 50 елді мекен жарықсыз қалды.
Мәскеуде қар борап, ағаштар құлады
Франция тұрғыны Стефан Серкейре 16 жасынан бастап көлік жинауға кіріскен. Арада 40 жыл өткенде 58 жастағы коллекционердің иелігіндегі автомомобильдер саны 530-ға, ал мотоицклер 200-ге жетіп отыр. Винтаждық машиналар қатарында 1983 жылы Жан-Поль Бельмондоның «Маргинал» фильміне түскен «Форд Мустанг» та бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы