Жас сарапшыларға еліміздің транзиттік қуатын арттыру жолдары түсіндірілді
Елімізде сарапшылардың жаңа толқыны қалыптасып келеді. Сенат жанындағы сарапшылар клубы мен Талдау мектебінің түлектеріне «Қазақстан: Орталық Азияның транзиттік хабы» атты көлік-логистика саласын дамытуға арналған семинар ұйымдастырылды. Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев ашылуына қатысып, саладағы негізгі мәселелер мен даму перспективаларын түсіндірді. Соңғы жылдары Транскаспий халықаралық көлік бағыты қарқынды дамып келеді. Қазақстанның бірегей географиялық жағдайы Қытай мен Еуропа арасындағы құрлықтық транзиттің 80 пайызын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Енді әуе және темір жол саласындағы тасымалды арттыру жұмыстары жүріп жатыр. Қатысушыларға логистика саласындағы ұлттық компаниялардың басшылары мен сарапшылар дәріс оқиды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Біздің географиялық орналасуымыз – Еуразияның дәл ортасы. Біз Ресеймен, Қытаймен, араб елдерімен, Орталық Азия мемлекеттерімен және Иранмен достық қарым-қатынас орнатқанбыз. Аймақтық транзиттік хабқа айналу – Мемлекет басшысы қойған стратегиялық міндеттердің бірі. Бұл міндетті жүзеге асыру – маңызды әрі жауапты жұмыс. Осы үдерісте сапалы сараптамалық қолдау мен білікті мамандар даярлау ерекше рөл атқарады. Біз бұл білім беру семинары Қазақстандағы сараптамалық-эксперттік қауымдастықтың дамуына серпін береді деп сенеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы