Ақмола облысында 26 әлеуметтік нысан салынуда
Ақмола облысында 26 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында мектеп, емхана және спорт кешені бар.
Мәселен, Көкшетауда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорттық, медициналық,
оңалту және білім беру инфрақұрылымын біріктіретін бірегей кешеннің құрылысы
басталды. Оның құрамында аутизм орталығы да болады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан инклюзиялық спорт орталығы 300
орынға шақталған. Жоба құны 5 млрд 100 млн теңге. Сонымен қатар облыс
орталығында 630 төсектік жаңа көпбейінді аурухананың құрылысы қарқын алды.
Нысанның Ақмола облысы үшін ғана емес, бүкіл Солтүстік макроөңір үшін
стратегиялық маңызы зор. Құны 331 миллиард теңге болатын кешеннің құрылысы
келер жылы аяқталады деп жоспарланған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған
оңалту орталығының құрылысы да жандана бастады.
Азамат Байқуанышев, облыстық Құрылыс басқармасы
басшысының м.а.:
150 орынға шақталған оңалту орталығының құрылысы шаһардағы ірі жобалардың бірінен саналады. 2023 жылы басталған құрылыс жұмыстары жобадағы қателіктерге байланысты тоқтаған болатын. Бүгінде мердігер компания ауысты. Қазір нысанның қаңқасын темірбетоннан монолитке ауыстырдық. Бұл технологиялық үрдістің құрылыс алаңында жүріп, темірбетон қаңқасын дайындау мен жеткізу мерзіміне байланбауға мүмкіндік береді.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футбол: ӘЧ бүгін басталады
11.06.2026, 17:27
Болашаққа бәсеке: ЖИ бизнеске қалай әсер етеді?
11.06.2026, 17:25
Балқаштағы аурухана толық жөнделді
11.06.2026, 17:22
Биыл елімізде 11 мың шақырым жолды жөндейді
11.06.2026, 17:20
Әскери қызметшілерге төлем үш есе артады
11.06.2026, 17:17
Абай облысының диқандары рекорд жасауға ұмтылып отыр
11.06.2026, 17:15
СҚО-да қаптап кеткен жібекқұрт орманды жұтатып жіберді
11.06.2026, 17:12
Жануарларды қорғауға бағытталған заң жобасы мақұлданды
11.06.2026, 17:10