Екі адамның мәйіті кәріз құдығынан табылды
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының орталығы Саумалкөл ауылында кәріз құдығынан екі адамның мәйіті табылды.
Қайғылы
оқиға
коммуналдық компания аумағында болған. 50 жастағы слесарь Дмитрий Титарев пен 48
жастағы электрик Владимир Прохоров аталған мекеменің кәріз
сорғы станциясында жұмыс істеген. Мамандар болжамынша,
екі адам өліміне жабық тұрған құдықта жиналған улы газ себеп болған. Еңбекті қорғау
қағидаларын
бұзу фактісі бойынша полиция
тарапынан сотқа дейінгі
тергеп-тексеру басталды. Өндірістегі
қауіпсіздік талаптарының сақталу
деңгейі жан-жақты тексеріледі.
Азат Көшербаев, СҚО мемлекеттік инспекциясы департаменті
басшысының орынбасары:
Бүгін арнайы комиссия құрылады. Қазір құрамына енетін мамандар анықталып жатыр. Былтыр Ғабит Мүсіррепов ауданында да осы сынды жағдай тіркелген болатын. Тиісті материалдар жинақталып, ішкі істер органдарына жолданды. Жыл басынан бері өндіріс орнында жарақат алған 7 адам тіркелді.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады
03.11.2026, 17:17
Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
03.11.2026, 17:15
Жамбыл облысында 7 жылда 9 мың адам кәсіпкер атанған
03.11.2026, 17:13
Депутаттар ауыл шаруашылығын қаржыландыруды молайтуды ұсынды
03.11.2026, 17:11
Алматы метросы сейсмикалық бақылауда
03.11.2026, 17:10
Түркістан облысында тағы 73 ауылға газ қосады
03.11.2026, 17:07
Ақтөбеде депутаттар жастармен, еңбек ұжымдарымен кездесті
03.11.2026, 17:05
Атырау облысында Жолдаудағы басым бағыттарды талқылады
03.11.2026, 17:03