Ақтөбелік студенттер пластик пен қағаз қалдықтарын жинады
Ақтөбелік студенттер тонналап пластик пен қағаз қалдықтарын жинады. Экологиялық акция Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде өтті. Білім ордасында ай сайын тұрмыстық қалдықтардан дайындалған суреттер мен мүсіндер көрмесі де ұйымдастырылады. Ал, экологиялық сағаттарда мамандар керексіз болып қалған бұйымдарды дұрыс сұрыптауды үйретеді. Бүгінгі шара барысында 8 тонна пластик, 2 жарым тонна макулатура жиналды. Жастар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ақша тауып, оны университет ауласын абаттандыруға жұмсайды.
Дәурен Оразалин, әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты департаментінің бас маманы:
Оны тапсырып, алынған ақшаға университеттін жастар саябағы бар, соған тал отырғызып жатырмыз. Қазіргі таңда 235 тал отырғызылды. Ауқымды шараға 10 мың студент қатысты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы