Ақтөбеде депутаттар жастармен, еңбек ұжымдарымен кездесті
Мемлекет басшысының Халыққа арнаған Жолдауындағы маңызды идеялардың бірі ел болашағын білім мен ғылымға, инновацияға негіздеу. Білім беру жүйесіне ел болашағын қалыптастыратын, экономикаға серпін беретін күш ретінде қарау маңызды. Мұндай пікірді Ақтөбелік жастармен, болашақ ұстаздармен кездескен Құрылтай депутаты Лаура Қарабасова айтты. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік университетінде өткен жиынға жас мамандар мен білім ордасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Қазір білім, ғылым саласы жаңа кезеңнің алдында тұр. Ғалымдар, оқытушылар мен болашақ мамандар жасанды интеллект, озық технология арқылы ел экономикасына сүбелі үлес қосуы тиіс.
Лаура Қарабасова, Құрылтай депутаты:
Еңбек ұжымдарымен оның ішінде ғылыми қауымдастықпен кездесуде біз ғылым туралы айтамыз. Өйткені, Мемлекет басышсының жоладуында біздің еліміздің болашағын ғылымға, білімге және ең бастысы жасампаз еңбекке негіздеу керектігі айтылды.
Құрылтай депутаттары, Үкімет өкілдері мен қоғам белсенділері өңірдегі еңбек ұжымдарымен де кездесті. Олар Президент Жолдауында айтылған басты міндеттердің қалай орындалатынын түсіндірді. Құжатта азық-түлік өнеркәсібіндегі әлеуеті жоғары жобаларды жүзеге асыруға, ауыл шаруашылығын технологиялық тұрғыдан жаңғырту мәселелеріне де басымдық берілген еді. Бұл тәулігіне 70 тонна сүт өнімдерін шығаратын компания өкілдері үшін де маңызды. Қазір зауытта 80 адам еңбек етеді.
Бекболат Әнесұлы, зауыт қызметкері:
Халықтың әл-ауқаты, зауыттар ашу, ауыл шаруашылығы өнімдерін көбейтіп, импортқа тәуелсіз болу. Біздің зауытымызға қатысты ауыл шаруашылығы өнімдері жақын. Бізге ең ұнаған тұстары, жаңа өндірістер салу, халықты жұмыспен қамтамасыз ету.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы