Басты Жаңалықтар Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады

Түркістан облысындағы Қажымұқан кесенесінің айналасын тазалады

Түркістан облысының Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылып, тұрғындар Қажымұқан Мұңайтпасов кесенесінің айналасын тазартты. Мемлекеттік қызметшілер мен жастар мұражай маңына 520 түп көшет отырғызып, ағаштардың түбін әктеп шықты. Сонымен қатар Темірлан ауылындағы  25 ескерткіштің маңы ретке келтірілді. Жалпы Ордабасы ауданында өткен  тазалық жұмыстарына мың жарымнан астам адам қатысып, 44 техника жұмылдырылды.

Ғалымжан Орынов, Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы:

Бұл «Таза Қазақстан» жобасының іске асырылуы өте маңызды деп ойлаймын. Себебі бұл болашақ ұрпаққа беретін тәрбиелік маңызы зор нәрсе. Себебі біз келешек ұрпағымызға таза, мықты мемлекетімізді, Отанымызды қалдыруымыз керек.

Бөлісу