Атырау облысында Жолдаудағы басым бағыттарды талқылады
Атырау облысына барған Құрылтай депутаттары ғылыми интеллигенция өкілдерімен, жоғарғы оқу орындарының профессор-оқытушы құрамымен және студенттермен кездесті. Ашық форматта ұйымдастырылған жиында сала мамандары өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізіп, Жолдауда айтылған міндеттер мен оны жүзеге асыру жолдары талқылады. Кездесу барысында депутаттар жиналғандардың сауалдарына жауап берді. Тұрғындарды бүгінде Каспий теңізінің жай-күйі, су тапшылығы, шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері толғандырады. Шара барысында мәдениет саласындағы техникалық қызметкерлердің еңбекақысы да назардан тыс қалмады. Қатысушылар олардың жалақысы еңбек көлемі мен жауапкершілік деңгейіне сәйкес болуы керектігін атап өтіп, төлем жүйесін қайта қарауды ұсынды.
Назарбек Қосшиев, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі:
Атырау өңірінің тұрғындары үшін ең маңызды мәселе суды дәл бүгінгі күннен бастап, үнемдеу мәселесі. Ол үшін біз кәсіпкерлік нысандарында, қоғамдық тамақтану орталықтарында суды қайта өңдеу технологиясын кешіктірмей енгізуіміз керек.
Арман Хайруллин, ҚР Құрылтайының депутаты:
Микробизнесті, орта бизнесті аяққа тұрғызуға офтейк контрактілерді жасауға осы ертең үлкен құрылыстың барысында оған тек шикізат емес, дайын өнім беруде үлкен ынталандырғыш фактор болады деп есептеймін. Мультипликативті эффект болады. Жаңа өндірістер түлей бастайды және де халқымызды жұмыспен қамту үшін бұл керемет мүмкіндік. 100 мыңнан астам жұмыс орындары пайда болуы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы