Астана экологиялық саммиті әлем назарында
Қазақстан әлем жұртын алаңдатқан толғамды мәселелерді жан-жақты талқылап, шешім іздейтін халықаралық алаңға айналып отырғандығының бір көрсеткіші -осы. Астанада өтіп жатқан экологиялық саммит шетелдік ақпарат құралдарының назарынан да тыс қалған жоқ. Бірер басылымды шолып шықсақ.
Азия-тынық мұхит аймағындағы мәселелерге қалам тартатын жапондық The Diplomat журналының ойынша, бұл кездесу келешекте Орталық Азияда климаттың өзгеруімен күрес жолында әлдеқайда кеңірек науқан жүргізуге түрткі болуы мүмкін.
Ал Бішкекте шығатын The Times of Central Asia басылымы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ көптеген дамушы елдер су тапшылығына, мұздықтардың еруіне, шөлейттенуге және басқа да төтенше ауа райы құбылыстарына тап болып отыр. Бұл қиындықтарды еңсеру үшін аймақтық күш-жігерді үйлестіру қажет» деген мәлімдемесін жариялаған.
Түріктің Yeni Şafak газеті болса, бас қосуда климаттың өзгеруіне бейімделу, табиғи ресурстарды тұрақты пайдалану және осы бағыттағы ынтымақ пробемалары талқыланатынын хабарлап отыр.
Ал өзбекстандық Gazeta.uz порталы Қазақстан президентінің бастамасмен өтіп жатқан саммиттің қызметін экологиялық мәселелер бойынша диалог пен ықпалдастыққа арналған аймақтық платформа ретінде сипаттаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы