Алматыда өткен шығармашылық кездесуде қазақ прозасының дамуы талқыланды
Соңғы жылдары қазақ прозасы жаңа серпін алып, мазмұндық әрі жанрлық тұрғыдан айтарлықтай кеңейіп келеді.
Яғни, бұл кезеңді қазақ прозасындағы «романизм дәуірі» деп атауға толық негіз бар. Алматыда жазушы-журналист Есболат Айдабосынмен өткен шығармашылық кездесуде де осы үрдістер кеңінен сөз болды. Жиында жазушы тарихи романдарды, көптомдық трилогияларды, дәстүрлі реалистік бағыттағы туындыларды талқылады. Бұрын қазақ әдебиетінде сирек кездескен хоррор жанрындағы шығармалар да жазыла бастады. Бұл әдебиеттің тек өткенді суреттеумен шектелмей, жаңа жанрлық ізденістерге бет бұрғанын көрсетеді, деп атап өтті.
Есболат Айдабосын, жазушы-журналист:
Осы аламанға дейміз бе, осы бір дүмпуге қалыс қалмай, азды-көпті үлес қосып жатырмыз. Жазам деген адам кез келген шығарманы жаза беруі керек. Бір ғана шарт: шығарма жақсы жазылуы керек, тағдырлы шығарма болуы керек. Оқырманды өзіне баурап алып кететін талантты шығарма болуы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06