АҚШ әскері Ормұзда ирандық кемені басып алды
АҚШ-тың теңіз күштері соғыс басталғалы алғаш рет Иранның сауда кемесін басып алды. Ал Тегеран Ормұз бұғазын ешқашан бақылаудан шығармайтынын, су жолы арқылы қандай кемелер өтетіні-өтпейтінін өзі шешетінін мәлімдеді. Бұл заң деңгейінде бекітілмек. Тақырыпты Арыстан Рысбек жалғастырады.
АҚШ Иранды экономикалық тұрғыдан әлсіретіп, өз шарттары бойынша келісімге көндіру үшін, оның порттарын блокадалауды жалғастырып жатыр. Жексенбі күні осы блокаданы бұзып өтпек болған ирандық сауда кемесі әскерилердің шабуылына ұшырап, тоқтатылды.
Пентагонның мәлімдеуінше, теңіздегі тайталас алты сағатқа созылғаннан кейін Иранның Бандар-Аббас портынан шыққан су көлігіне оқ атуға тура келді. Оның моторы істен шыққан, дегенмен зардап шеккен адамдар туралы ақпарат әзірге түскен жоқ.
АҚШ-тың теңіз күштері соғыс басталғалы алғаш рет Иранның сауда кемесін басып алды. Ал Тегеран Ормұз бұғазын ешқашан бақылаудан шығармайтынын, су жолы арқылы қандай кемелер өтетіні-өтпейтінін өзі шешетінін мәлімдеді. Бұл заң деңгейінде бекітілмек. Тақырыпты Арыстан Рысбек жалғастырады.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
Ирандық экипаж бағынудан бас тартты. Сондықтан біздің әскери-теңіз күштеріміз оларды тоқтатпақ болып, кеменің мотор тұрған бөлігін зақымдады. Қазір су көлігі - АҚШ жауынгерлерінің бақылауында. Оның бортында не барын тексеріп жатыр.Мұның алдында Трамп Иранның көпірлері мен электр станцияларын қиратамын деген қоқан-лоққысын тағы да қайталады.
Бұған жауап ретінде Ислам Республикасы Парсы шығанағындағы араб елдерінің энергетикалық және суды тұсыздандыратын нысандарына соққы беретінін ескертіп отыр.
Иран әскерилерінің мәлімдеуінше, америкалықтар басып алған кеме Қытайдан келе жатқанда шабуылға тап болды. Және де Тегеран америкалықтардың бұл әрекетін «әскери қарақшылық» деп атап, таяу уақытта дұшпанынан кек алатынын мәлімдеп отыр.
Эбрахим Азизи, Иран парламентінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комитетінің төрағасы:
Құрама Штаттар Иранды блокадаға алатын уәкілеттікке ие емес. Біз неліктен Американың қоршауына түсеміз деп уайымдауымыз керек? Бұл – қарашылық, теңіздегі ұрлық, әрине, сол үшін АҚШ бұрынғыдан да қатаң жауабын алады.АҚШ пен Иран арасындағы атысты тоқтату туралы келісімнің мерзімі екі күннен кейін аяқталады. Алайда соғысты аяқтау жөніндегі келіссөздердің екінші раундының өтетін-өтпейтінін әзірге белгісіз. Иран оған қатыспайтынын хабарлады. Трамп болса, дүйсенбі күні Исламабадқа өкілдерінің жететінін мәлімдеді. Қазір Пәкістан астанасында дайындық жүріп жатыр.
Бейбітшілікке деген үміттен күдігі басым осындай түсініксіз шақта мұнай бірден 7 пайызға жуық қымбаттап, 96 доллардан асып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы