Бұралқы иттерге қатысты жаңа түзетулер: Жазалау ма, реттеу ме?
Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңға енгізіліп жатқан өзгерістер туралы. Мәжіліс мақұлдап Сенатқа жіберді. Әңгіме қаңғыбас иттер жайлы. Дәлірегі – эвтаназия қолдану. Қоғамда жұмсартып айтқанда дау туды. Өлтіруге үзілді-кесілді қарсылар бар. Оларға бұл сұмдық. Ал екінші тарап «қаңғыбас иттің көбейіп, адамдарға шабуылдау, қауып алу фактілерінің артуы көнетін дүние емес, ең маңыздысы – адам өмірі!» - дейді. Ешкім гуманизм принциптерін жоққа шығара алмайды. Дегенмен біздегі жағдай күрделі. Иә, бізде де ұстап әкелу, одан соң стерилдеп, вакцина салып, чип тағу және сол уақытта тамақ беру, уақытша ұстау пунктін жабдықтау ережесі бар. Бірақ нәтижесі шамалы. Мысалы, 2024 жылы жергілікті бюджеттерден осы істің бәріне 2,8 млрд теңге бөлінген. Нақты стерилдеу мен вакцина салуға 400 млн теңге кеткен. Жалпы 2022-26 жылдарға 14,9 млрд теңге жоспарланған. Ал енді мынаған қарайық: ресми мәлімет бойынша бір жылдың ішінде 41 366 адамды ит қапқан. Оның жартысынан көбіне иесіз иттер шабуылдаған. Демек иттерді аулап, стерилдеп, вакцина салып, чиптеуге бөлініп жатқан ақшаның жұмсалуы күдік туғызады.
Солай істелді ме, жоқ па – сол шаруаға жауаптыларға ғана аян. Ал бұл шаруаға кім жауапты, өзі? Жекеменшік фирмалар? Мемлекеттік органдар ше, олардың жауапкершілігі қандай?
Біз ауылдардағы жағдайды білгіміз келді. Сол үшін Елдос Есенбол Ақмола облысы «Талапкер» ауылына барып мәселенің ауқымына, проблеманың өзектілігіне үңіліп көрді.
Талапкер деген Астананың іргесіндегі шағын ауыл.
Мәулет Сағынтаев, Целиноград ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Қазіргі таңда былай қарасақ ит көп. Мысалы Талапкер ауылында 2 айда 183 ит алып шықтық. Именно қаңғыбас иттер. Үйдің иттерін санап жатқан жоқпыз.Сәбит Тұрғанәлі, Талапкер ауылының тұрғыны:
Ит асырадың ба оны бағу керек, қағу керек, қарау керек. Байлап ұстау керек. Білмейсіз ғой қай иттің қандай екенін. Міне мысалы дәл адам жүретін жолда жатыр ғой.Иә, ит тақырыбы тек Талапкердің емес тұтас Қазақстанның бас ауыртар мәселесі болып тұр. Таразының бір басында адам өмірі...
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Шамамен 3 сағаттың ішінде елімізде кемінде 15 адамды ит қабады. Орташа есеппен елімізде 1 сағатта 5 адам иттердің шабуылан ұшырап таланады екен.Екінші басында проблеманың шиеленіскеніне кінәлі емес жануар тұр. 2026 жылдың қаңтарындағы ресми дерек бойынша 276 мың ит ауланыпты. Аядай ауылдарда иесіз иттердің саны қалай көбейіп жатыр сонда?
Құттыбай Байғабылов, Талапкер ауылының тұрғыны:
Ертең көбеюі мүмкін. Оның күшіктері болады. Ал күшіктерін қайда жібереді? Апарып тастайтын жер жоқ. Содан кейін қаңғыбас ит болып жүреді олар. Ол да кісілердің жауапсыздығы.Яғни ит асырау дегеніңіз тек жануарды жетектеп әкеліп аулаға байлай салу емес. Сіздің меншігіңіз екенін дәлелдеп чиптеу, одан ары стерилдеу, аурудың алдын алып вакциналау. Үлкен қаланы былай қойсақ, алыстағы ауылдарда осылай жасайтын қанша адам бар? Болған күннің өзінде оған мүмкіндік бар ма?
Құттыбай Байғабылов, Талапкер ауылының тұрғыны:
Ауылымызда бір ветстанция ашылса, өзімізде ветеринар болса. Онда кісілер клиникаға апарып чиптеп жасар еді. Ал енді қалаға екінің бірі апара алмайды. Оны апарып әкелу керек.Наталья Дементьева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жануар ауланған сәтте оның чипі болмаса ол иесіз деп танылады. Бірақ ол жануардың ешқашан иесі болмады деген сөз емес. Яғни ол бір кезде үйінен шығып кеткен немесе иесі далаға тастай салған ит те болуы мүмкін. Демек біз бұл жерде бір ғана мәселемен бетпе-бет келіп отырмыз. Ол адамдардың жауапкершілігі. Мысалы Германияда тіркеу мен чиптеу болмаса айыппұл 10 мың еуроға дейін барады. Жануарды далаға тастағаны үшін 20 мың еуро. Кейде тіпті қылмыстық жауапкершілікке дейін тартады. Ең маңыздысы бұл нормалар іс жүзінде орындалады.Яғни депутаттың айтпағы адамдардың жауапсыздығы үшін неге иттер зардап шегуі керек дегенге саяды. Себебі заңдағы жаңа өзгеріс бойынша...
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Уақытша пунктке алынып келеді. Кемі 5 күндей ұстау керек. Ол сол жердегі панажайдың немесе жаңа айтып отырған уақытша ұстау пункті иесінің міндеті оны тамақтандыру, ұстау. 5 күннің ішінде оны алып кетуге болады. Жаңа қожайыны келуге болады. Ол алып кетпесе 5 күннен кейін эвтаназияға жіберу керек.Ал қолданыстағы заңда аулау, стерилдеу, вакцинациялау, қоршаған ортаға қайта жіберу моделі еді. Оның өзінде ұсталған жануардың бәрі бірдей босатылмайды. Мысалы Талапкердегі жағдай мынадай.
Мәулет Сағынтаев, Целиноград ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:
Ұтып алған адамдар мердігерлер сол үйлерінде ұстайды. Содан кейін өзі көрінеді иттен. Мысалы агрессивный болса оны ұйықтатып тастайды олар. Иесіз қаңғыбас иттер жүргеннен кейін құтыру пайда болды. Мысалы бізде факт бар. Екі факт бар құтырумен. Негізі 100 пайыздан 30 пайыз ұйықтатамыз. Ауыр нәрсе. Жұмыс ауыр.Біреудің жанын алу деген оңай емес қой.Құттыбай Байғабылов, Талапкер ауылының тұрғыны:
Оны стерилдегенмен де біреу оны дұрыстап стерилдейді, біреу жауапкершілікпен қарап оны жақсылап стерилдесе бірақ оны біз нақты біле қоймаймыз. +Немесе чиптеді ме, чиптеген жоқ па? Әйтеуір далаға қайтадан шығарып жібереді болды. Біз дәлелдей алмаймыз. Сондықтан иттердің көбеюі де соған байланысты.Ал оны жақсылап қолға алғанда ол олай болмас еді. 3-4 жылда азаяр еді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Сол қаржы қайда кетті? Бақылау мониторинг жүргізу бұған өте қиын. Итке вакцинация жасалды ма, жасалмады ма ит келіп сізге айта алмайды ғой. Осы мәселе осындай жағдайға алып келгенін айтуымыз керек.Жаңағы 21 жылы қабылданған заң емес.Демек ең басты проблема - бөлінетін қаражаттың қалай жұмсалатынында! Дәлірегі - күңгірт тірлікте. Бұдан кейін де солай болмайтынына кім кепіл?
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жергілікті билік сол қызметті өздері белгілеген мемлекеттік органның жанынан құрады. Немесе оны бәсекелестік ортаға шығарып сондай арнайы аулайтын компанияларға бюджеттің қаржысын конкурс ретінде бере алады.«Жергілікті мәслихаттар егер қаласа иттерді өз өлімімен өлгенше күтіп ұстай алады»,- дейді бастамашылар. Бірақ бір жануардың күндік шығыны 5500 теңге екенін ескерсек бұның мүмкін екені түсінікті.
Еділ Жаңбыршин, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Жергілікті билік полициямен бірігіп үйдегі жануардың тіркелуін барып тексереді. Егерде ол жерде жануарда чип болмаса онда оған заңға сәйкес бір айға уақыт береді. Бір айдан кейін қайта келіп тексереді болмаса айыппұл салады.Үшінші рет келіп тексереді егер болмаса конфискация жасайды.Жауапсыздық тек бір иттің тағдырын емес, бүтін қоғамның қауіпсіздігін қатерге тігетін қылмыс десек артық айтпағанымыз. Төрт аяқтылардың тағдырын шешетін заң емес, адам. Сондықтан адам өзгермейінше бұл мәселенің түйінін ешқандай заң тарқата алмайтындай.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы