Қызылорда облысында жаңа нысандар пайдалануға берілді
Қызылорда облысы Арал ауданында бірқатар мәдени-спорттық нысандар ел игілігіне берілді. Сонымен қатар 15 мың халқы бар Сексеуіл кентінде оқушылар үйі мен өнер мектебінің іргетасы қаланды. Теңізді өлкедегі игі жобаларды тілшіміз Әділбек Серікұлы тарқатып айтсын.
Бұрынғы көне клубымызды 1976 жылы салған. Сонан бері елу жыл өтіпті. Осындай ғимаратқа қолымыз жетті. Мынау облыс әкімшілігіне қолдап, сонау республикадан қаржы бөлініп, «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында осындай ғимарат салынды.
Ал Шижаға ауылында тұрғындар көптен күткен денешынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Бүгінде елді мекенде спортқа жанықұмар жастар жетерлік. Осы күнге дейін шалғай ауылдан облыс, республика чемпиондары топ жарып шыққан. Енді, міне, ауыл балалары заманауи спорттық жабдықтармен қамтылған кешенде жаттығады.
Шыңғыс Рүстемов, спортшы:
Осы кезге дейін біз мәдениет үйінің жертөлесінде шұғылданып келдік. Енді спорт кешен салып берді. Оған көптен-көп рақмет. Іші кең, үлкен. Осы ғимараттың ішінде көптеген жетістікке жетеміз.
Сексеуіл кенті Арал ауданындағы ең үлкен елді мекен. 15 мың халқы бар ауыл жыл өткен сайын өркендеп, жаңа нысандармен толығып келеді. Бұл жолы 150 орындық оқушылар үйі мен өнер мектебінің іргетасы қаланып, облыс әкімі елдің қуанышына ортақтасты. Аймақ басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, «Сексеуіл – Бейнеу» автожолының құрылысы басталатынын жеткізіп, тағы бір жағымды жаңалығын жеткізді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы