Басты Жаңалықтар Риддер қаласындағы ЖЭО-ны жаңарту жалғасады

Риддер қаласындағы ЖЭО-ны жаңарту жалғасады

Шығыстағы Риддер қаласындағы жылу электр орталығын жаңарту биыл да жалғасады. Соңғы үш жылда стратегиялық нысанды жөндеуге мемлекеттен 5 миллиардтан астам теңге бөлінді. Нәтижесінде жылу электр орталығындағы құрал жабдықтардың тозу көрсеткіші 75-тен 45 пайызға дейін төмендеді. Былтырдан бері 6 қазандықтың үшеуі толық жөнделіп іске қосылды. Енді қалған үш қазандықтың қосалқы бөліктері жөнделіп жатыр. №1, 2 турбогенератор да іске қосылды. Биыл республикалық және облыстық бюджеттен тағы 2 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаржыға жоғары қысымды №5 және №6 қазандықтың құрылғыларына күрделі жөндеу жүргізілмек. Оған қоса жылу құбырларын жаңалау да басталды. Қазір 12 аумақта жұмыс жүріп жатыр.

Кирилл Галота, «Шығыс жылу» АҚ филиалының директоры:
Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар аталған жұмыстарды орындау үшін қажетті жұмысшылар құрамын жұмылдырды. Осыған байланысты қалаға ыстық су беру шілдеденің 1-інен 25-дейін тоқтатылады. Барлық жұмыс бекітілген кестеге сай істеледі. Қатаң қадағалаймыз.
Осы кеншілер қаласында жаңа қазақ мектебі салынып жатыр. Бүгінге дейін жалпы құрылыс жұмысының 70 пайызы істелген. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асатын білім ошағы соңғы үлгідегі жобамен салынып жатыр. Ал мектеп құрылысына қаражатты өңірдегі ең ірі өндірістердің бірі бөлді.


Бөлісу