Ақмола облысындағы 6 ауыл жол азабын тартып келеді
Ақмола облысының Зеренді ауданында 6 ауылды байланыстыратын жол сын көтермейді. 30 жыл жөндеу көрмеген трасса ауыл халқының аудан мен облыс орталығына қатынауын қиындатып отыр. Жағдайды көзімен көріп, мән-жайды біліп қайтқан тілшіміздің бейнематериалы.
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Ұзындығы 28 шақырым болатын ойдым-ойдым бұл жолдың азабын 6 ауылдың 1300-дей тұрғыны көріп отыр. Әсіресе, көктем мен күз айларында ми батпаққа айналатын жол жүйкемізді ғана емес, талай көлігімізді тоздырды, - дейді. Жергілікті билік өкілдерінің «жөндейміз» деген құрғақ уәдесіне «тойған» халық шұрық-тесік жолға қиыршық тас төсеп, тегістеп берсе деген уәжін айтады.
Бұл жолмен жеңіл көлікпен ғана емес, жол талғамайтын машинамен жүрудің өзі
азап. Сондықтан такси сияқты басқа да қызмет көліктерінің бұл жаққа келгісі
жоқ. Тіпті, әр секунді санаулы жедел жәрдем көлігінің науқасқа жетуінің өзі
мұң, жол кедергі, - дейді тұрғындар.
Рамазан Досымов, Кеңөткел ауылының тұрғыны:
Ауылда кәрі-құртаң адамдар, ауру-сырқаулы, бәлніске қатынаса, мына жолмен қалай жүреді мысалы. Жылда уәде береді, әне істейміз міне істейміз деп, баяғы жартас сол жартас, орнында ештеңе істеліп жатқан жоқ.
Асылбек Рахматуллин, Қошқарбай ауылының тұрғыны:
Қысы-жазы жүре алмаймыз шынын айтқанда, ағайын-туыс келмейді бері қарай жолдарың жаман деп. Неше жыл болды Қошқарбайдың жолын оңдаймыз дегелі. Былтыр бастаған фракция тасып, тоқтатып тастады, қашан болады біздің жол?
Ойдым-ойдым жол темірді де шыдатпайды. Сондықтан, ауылдағы көліктердің дені
тозған. Мәселен, Кеңөткел ауылының тұрғыны Сәкен Баймурзин, көктем бастағалы
осымен үшінші рет көлігін жөндегенін айтады.
Сәкен Баймурзин, Кеңөткел ауылының тұрғыны:
Жүруге жарамайтын жол, шыны керек. Ходовка шыдамайды машиналардың. Көктем басталғалы машинаны екі-үш қабаттан оңдаттық. Міне, қазір тағы тұрмын, мінекей. Жол жүруге мүмкін емес. Мына Кеңөткел ауылынан Айдарлы ауылына дейін біз өз көлігімізбен 1 сағат жүреміз.
Жергілікті билік өкілдері, осыдан екі жыл бұрын бір емес құны 1,5 миллиард
теңге болатын екі жоба әзірленгенін айтады. Тіпті, облыстық бюджеттен 200
миллионы бөлінді. Алайда, жауапсыз мердігердің кесірінен жол жөнделмей, қаражат
кері қайтарылған.
Серік Исаханов, Зеренді ауданы әкімінің орынбасары:
Қазіргі таңда жаңа сметалық құжат дайындалды. Оны мемлекеттік сараптамадан өткізу керекпіз. Сараптама өткеннен кейін облыстық бюджетке өтінім берілетін болады. Тағы конкурс жарияланатын болады.
Күрделі жөндеу жүргізілгенге дейін аудандық әкімдік автогрейдер жіберіп,
Айдарлы ауылынан Троицке дейін 6 ауылды қамтитын жолдың беткі қабатын
тегістемек. Жөндеу жұмыстары мамырда басталмақ.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты $40 млрд пайда әкелуі мүмкін
17.04.2026, 17:35
«SuperStar KZ» жобасына іріктеу жалғасып жатыр
17.04.2026, 17:33
«Кітап оқитын спортшы» жобасы басталды
17.04.2026, 17:30
Қазақстандық өнертабыс жаһандық байқауда үздік үштікке енді
17.04.2026, 17:27
Жас ғалымдар қазақ тілін ғылым тіліне айналдырғысы келеді
17.04.2026, 17:25
Алматыда дронмен зерттеу жүргізетін орталық ашылды
17.04.2026, 17:22
Түркістан облысында канал жақтаулары опырылып жатыр
17.04.2026, 17:17
БҚО-да ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталған
17.04.2026, 17:15