«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
Астанада «Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсауы кесілді. «Жазушының тілінде де, ділінде де мін жоқ. Қашанда сергек, қашанда сезімтал, бәйгенің алдынан ғана келетін тұлпарларға ұқсатам мен Әбішті». Көрнекті жазушы Кекілбаевты ақын Тұманбай Молдағалиев осылай бағалаған. Иә, әдебиет әлемінің абызы келер ұрпаққа мол мұра қалдырған тұлға. Әйткенмен оның елдік жолдағы еңбегі, қайраткерлік қыры әлі де зерттеп, зерделеуді қажет етеді дейді жиналғандар. Кітап авторлары - Ұлан Айхожа, Абай Сейфулла.
Ұлан Айхожа, кітап авторы:
Қазіргі таңда мемлекеттік қызметкерлердің көбі тұлғалардың өмір жолын шетелдік әдебиеттерден іздейді. Ал ол тұлғалар өзіміздің арамызда өте көп. Кекілбаев Әбіш ағамыздың жазушылық қырынан емес, мемлекеттік тұлға ретінде көрсеткіміз келді.
Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
Осы тәуелсіздігіміздің басында кімдер тұрды, қандай тұлғалар тұрды және қандай қызмет атқарды және ол кісілердің халыққа, елге, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына қандай еңбек сіңірді — соны жас ұрпақ, жас мемлекеттік қызметшілер және мемлекеттік қызметке келемін деген өзінің ойы бар, алға қойған мақсаты бар жастарға ол бір үлгі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Халықтың мәселесі әрбір заң жобасының өзегі болуы шарт»
29.08.2026, 11:34
«Депутаттарға Абайдың «Толық адам» тұжырымы үлгі болуы тиіс»
29.08.2026, 11:32
Ғылым мен білім – ел дамуының негізгі тірегі
28.08.2026, 20:34
Денсаулық сақтау жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр
28.08.2026, 20:30
Диқандар кәсіпорын қалдығын кәдеге жарата бастады
28.08.2026, 20:28
Ақмола облысында мектептерде күрес залдары ашылып жатыр
28.08.2026, 20:27
Шыңыраудың түбінен көмір қазған кеншілер
28.08.2026, 20:22
Ақтөбеде оқушылар ауа райын болжайтын құрылғы құрастырды
28.08.2026, 20:19