Жетісу облысында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Жетісу облысында тұрғындарды көгілдір отынмен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Биыл өңірде 84 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 16 ауылда құрылыс жұмыстары басталып кетті. Аймақты табиғи отынмен қамтамасыз етудің кешенді жоспарына сай, алдағы 4 жылда тағы жүз ауыл көгілдір отынның игілігін көрмек. Инфрақұрылым тарту жұмыстары, әсіресе Панфилов ауданында қарқынды. Қазір шекаралы аймақтағы 100 мыңға жуық тұрғыны бар 13 елді мекеннің көшелеріне құбыр тартылуда. Ақжолтай жаңалыққа ауылдағы ағайын ерекше қуанышты. Енді олар көмір тасып, күл шығару машақатынан құтыламыз деп отыр.
Ержан Қалқабаев, Көктал ауылының тұрғыны:
- Өзім бір қыста 6 тонна жағамын. Алдымен жартылай сатып аламын. Қалғанын тонналап сатып алып, қысты бітіреміз. Биыл көгілдір отын кірсе, от жағудан құтыламыз.
Дидар Ешенов, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары:
- 2026 жылдың соңына дейін 28 елді мекен толығымен газға қосылады. Одан бөлек 7 елді мекеннің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Алдағы уақытта газдандыру жұмыстары жүргізілсе, 35 елді мекен газдандырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Халықтың мәселесі әрбір заң жобасының өзегі болуы шарт»
29.08.2026, 11:34
«Депутаттарға Абайдың «Толық адам» тұжырымы үлгі болуы тиіс»
29.08.2026, 11:32
Ғылым мен білім – ел дамуының негізгі тірегі
28.08.2026, 20:34
Денсаулық сақтау жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр
28.08.2026, 20:30
Диқандар кәсіпорын қалдығын кәдеге жарата бастады
28.08.2026, 20:28
Ақмола облысында мектептерде күрес залдары ашылып жатыр
28.08.2026, 20:27
Шыңыраудың түбінен көмір қазған кеншілер
28.08.2026, 20:22
Ақтөбеде оқушылар ауа райын болжайтын құрылғы құрастырды
28.08.2026, 20:19