Ақмола облысында жүзден аса қоқыс полигоны заңдастырылмаған
Ақмола
облысында арнайы қоқыс төгуге бөлінген 130 жер учаскесінің тек 25-сінде ғана
рұқсат қағазы бар. Демек, 600-ден астам елді мекені бар өңірде қоқыс рұқсат
етілмеген орындарда жинақталуда. Оның үстіне облыста әзірге миллиондаған тонна
қоқысты сұрыптап, өңдейтін бірде-бір кәсіпорын жоқ. Тек алдағы жылдары бұл
бағытта 3 жоба жүзеге асырылмақшы. Өңірдегі қазіргі экологиялық ахуал жайлы
Бибінұр Әмірханқызы тарқатады.
Көкшетаудың іргесіндегі бұл полигонга 200 мыңға жуық тұрғыны бар шаһардың
қоқысы төгіледі. Өткен ғасырдың 80-жылдары ашылған қоқыс орны жанындағы Элита
ауылының тұрғындарына қолайсыздық тудырып отыр.
Еркін
Шоқаев, ауыл тұрғыны:
Полигоннан проблема бізде көктемде, қар ерігенде иіс келеді, обязательно. Неше түрлі иістер келеді. Сол проблема бізде мәселе көтеріп тұрған. Полигонды жапса екен дейміз, негізі. Жапқан дұрыс қой. Көктемде әсіресе, қиын мынау балалар шыққанда. Неше түрлі иістер келеді. Жел әсіресе осы жақтан соққанда, өте жаман иістер келеді.
Баян
Жақсынбетова, ауыл тұрғыны:
Жел болса, болды бүкіл иістің барлығы, бүкіл қоңыстың барлығы өлген, тірілген, өлген малдардың барлығының иістері бізге келеді. Өте қиын болып тұр. Барлығының иістері бізге келіп, прямо тұншықтырады. Әсіресе, желде.
Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, биыл мамыр айынан бастап өңірде 150 мың
тонна қоқысты сұрыптап, өңдейтін 3 зауыт салу қолға алынады. Оның бірі алдағы
екі жылда Көкшетауда іске қосылмақшы. Сөйтіп, Элита ауылының жанындағы полигон
жабылады, - дейді.
Еркегүл
Аңсағанқызы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу
басқармасының маманы:
Жалпы қаржыландыру ол бізде «Жасыл Даму» акционерлік қоғамымен жүреді және
облыстық бюджеттен 2,2 млрд тг бөлінді биыл. Жоба бізде 2026 жылдың мамырында
басталады. Құрылыс екі жылға созылады.
Десе де, өңірде 400-ден астам
рұқсат етілмеген қоқыс орны бар. Өткен жылы ғарыштық мониторинг арқылы 458-і
анықталған. Бүгінде экологиялық мониторингті «Smart Aqmola» мекемесі белсенді
қолға алды. Облыс бойынша 22 дрон әр аудандағы экологиялық ахуалдан ақпарат
береді.
Асылбек
Байборанов, облыстық «Smart Aqmola» мекемесі басшысының орынбасары:
Дрон аэромониторинг жасайды, көреміз. Егер де мусор болса, мусор толып тұрса, крупногабаритный мусор бар. Соған біз өтінішті аламыз. Барлық ақпаратты жинаймыз да местный исполнительный органға жібереміз. Процесс осындай бізде және одан басқа біз қала бойынша благоустройство барлығын тексереміз.
Ал полигондарды заңдастыру мәселесі республика деңгейіндегі көкейкесті мәселе. Себебі бір полигонды заңдастыру үшін 1 миллиардтан 3 миллиард теңгеге дейін қаражат жұмсалады, - дейді жауапты орган өкілдері. Алдағы уақытта экология министрлігі бұл түйткілді заң негізінде шешпек. Сондықтан әзірге бұл мәселе ашық күйінде қалып отыр.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан» ШҚО-да жалпыхалықтық жобаға айналды
16.04.2026, 17:38
Жеңіл өнеркәсіп нарығында отандық шикізат үлесі артады
16.04.2026, 17:30
Алматыдағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді
16.04.2026, 17:27
Қазақстан мен Тәжікстан қатынасы одақтастық деңгейге көтерілді
16.04.2026, 17:25
Вашингтон Тегеранмен келісім жасағысы келеді
16.04.2026, 17:22
Таразда бір күнде 107 мәселе қаралды
16.04.2026, 17:20
Алматыда телефон ұстаған 1200 жүргізуші айыппұл арқалады
16.04.2026, 17:17
БҚО су қоймаларына есептегіш құралдар орнатылады
16.04.2026, 17:15