Басты Жаңалықтар Алматыда тәртіп сақшылары шағын қонақ үйлер мен хостелдерді жаппай тексеріп жатыр

Алматыда тәртіп сақшылары шағын қонақ үйлер мен хостелдерді жаппай тексеріп жатыр

Алматыда тәртіп сақшылары шағын қонақ үйлер мен хостелдерді жаппай тексеріп жатыр. Қалалық полиция бұл жедел шара қоғамдық тәртіпті сақтау мен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Тексеріс кезінде небәрі бес күннің ішінде мыңдаған заң бұзушылық анықталды. 334 хостел, 265 өзге де нысан тексерілді.

Орын алған 2 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықтың мыңнан астамы көші-қон заңнамасына қайшы келеді. 227 шетелдік елге келуге қатысты заң талаптарын бұзған. Сондай-ақ, 330-ға жуық адам қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, 17 есірткі қолдану фактісі тіркелген. Оған қоса, көпшілік жерде өзгелердің мазасын алу мен кәмелетке толмағандардың түнде жалғыз жүргендері көптеп анықталды. Сот шешімімен 10 шетелдік азамат елден шығарылды. Полиция мұндай тексерістің әлі жалғасатынын ескертіп отыр.


Бөлісу