Ақмола облысында 5 млн 400 мың гектарға дән себіледі
Биыл Ақмола облысында 5 миллион 400 мың гектар аумаққа дән себіледі. Ол үшін 540 мың тонна астық тұқымы дайын. Өңірге бөлінген 76 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармайдың, бүгінде 25 мыңы шаруаларға үлестірілді. Көктемгі дала жұмыстарына мемлекеттен қаржы институттары арқылы 82 миллиардтан астам қаржы бөлінді. Өнімділікті арттыру мақсатында диқандар 433 мың тонна минералды тыңайтқыш қолданбақ.
Азат Сұлтанов, Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
Бізде екі отандық зауыт өзінің минералды тыңайтқыштарын облысқа апара жатыр. Осы тыңайтықышты алу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірленді. Отандық минералды тыңайтқыш шығаратын зауыттарға 40 пайызы оларды дихан төлейді. 60 пайызы субсидия арқылы түседі.
Күннің ерте жылынуы диқандарға алқапқа әдеттегіден ертерек шығуға мүмкіндік берді. Мәселен, зеренділік диқан Денис Швайбович негізгі егіс жұмыстарын сәуірдің басында бастаған. Қазір шаруашылық ылғал тоқтату жұмыстарына кірісіп кетті.
Денис Швайбович, шаруа:
Биыл 27 мың гектар жерге жуық алқапқа егін егуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде техникамыз 98 пайызға дайын. Тұқым да алынды. Тыңайтқыш та бар. 281 теңгемен арзандатылған жанар-жағармай алдық. Көктемгі дала жұмыстарына 1 млрд теңге көлемінде несие алдық. Бұл дала жұмыстарын уақытында бастауға мүмкіндік беріп отыр.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08
Жалпыұлттық онлайн-марафон өтті
24.08.2026, 10:07
Партия жетекшілері сайлау қорытындысын оң бағалады
24.08.2026, 10:06
Exit poll нәтижесі
24.08.2026, 10:04
Байқаушы: Сайлау барлық халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылған
24.08.2026, 10:02
Шетелдегі барлық сайлау учаскелері жұмысын аяқтады
24.08.2026, 10:02
Соңғы сайлау учаскесі жабылды
24.08.2026, 10:00