Қазақ пен қырғыз өнері бір алаңда: «Нұр шашу» көрмесі ашылды
Қазақ пен қырғыз өнері бір алаңда тоғысты. Астанада «Нұр шашу» атты халықаралық көрме ашылды. Оған Қазақстан мен Қырғызстанның суретшілері қатысып жатыр. Жалпы саны 60-тан астам картина қойылған.
Көрменің басты ерекшелігі – сыртқы атмосферадан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне басымдық берілуі. Яғни, әр шығарма – бүгінгі қоғамның бет-бейнесі, үміт пен рухани ізденістің көрінісі. Мұнда әр суретші өз стилімен ерекшеленеді. HAS Sanat галереясында басталған арт-жоба 11 мамырға дейін жалғасады.
Мәлік Отарбаев, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі:
Біз Қырғыз Республикасының атақты суретшілері Сүлейменқұл Чокморов, Сабырбек Ақыблеков, Семен Чуйков, Ғапар Айтиев сынды тұлғалардың дәстүрін жалғаған туындыларды көріп отырмыз. Әсіресе күрделі кезеңде адамның жанына сәуле түсіріп, жүрегін нұрландыратын шығармалардың көрмесі өтіп жатқаны қуантады.
Әсел Тілеулен, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, суретші:
Күнделікті тіршілікті суреттегенді жақсы көремін. Ағайынға деген сағыныш тек туысқа емес, тұтас ауылға, елге деген сағыныш. Ал шынайы өмірді түсіну үшін ең алдымен сол қарапайым тіршілікті көре білу керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы Бүгін Астанада LRT іске қосылды
16.05.2026, 14:10
PGL ASTANA 2026: Әлемнің үздік командалары елордада бас қосты
15.05.2026, 20:24
800 шебер екі шақырымдық құрақ көрпе жайды
15.05.2026, 20:19
Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды
15.05.2026, 20:16
Қаскелең өзені қоқыстан тазартылды
15.05.2026, 20:13
Конституциялық реформалар жүйелі іске асып жатыр
15.05.2026, 20:09
Көкшетауда «Отбасы аллеясы» ашылды
15.05.2026, 20:08
Астананың сәні мен сәулетін бақылайтын арнайы кеңес құрылуы мүмкін
15.05.2026, 20:08