Жетіген Бельгияның корольдік мұражайына табысталды
«Жетіген» Бельгияның корольдік мұражайының коллекциясына қосылды. Ұлттық аспапты еліміздің осы мемлекеттегі Елшілігі мен Астана әкімдігінің бірлескен мұражайлар дирекциясы бірігіп, Брюссельдегі музыкалық аспаптар мұражайына табыстады. Екі ғасырлық тарихы бар музейдің топтамасында түрлі ұлт пен мемлекеттің он бес мыңға жуық музыкалық аспабы бар. Қазақстан елшілігі бұған дейін домбыра мен сазсырнайды сыйға тартқан болатын. Енді топтама жетігенмен толықты. Мұражайға келушілер ұлттық аспаптарды көріп қана қоймай, үнін естіп, олардың тарихы туралы ақпарат алады.
Роман Василенко, ҚР Бельгиядағы елшісі, Қазақстанның Еуропалық Одақ жанындағы тұрақты өкілі:
Жетіген музыкалық аспабының Корольдік музыкалық аспаптар мұражайына тапсырылуы біздің елдеріміз арасында жаңа көпір салуға және қазақ мәдениеті мен дәстүрін тереңірек таныстыруға ықпал етері сөзсіз. Осындай шараларға Брюссельдегі серіктестеріміздің қызығушылық танытуы қуантады.
Анн-Эммануэль Кюлеманс, Брюссельдің музыкалық аспаптар музейінің қызметкері:
Сіздерден музыкалық аспапты сыйға алып қана қоймай, осы аспапты ойнаған музыкантты таспаға жазып алғанымызға қуаныштымыз. Бұл үнтаспаны болашақ ұрпақ 20, 30 жылдан кейін де тыңдай алады. Алдағы уақытта Орталық Азия елдеріне арнайы көрме залын ашып, қазақстандық аспаптарды да көпшілік назарына ұсынамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
PGL ASTANA 2026: Әлемнің үздік командалары елордада бас қосты
15.05.2026, 20:24
800 шебер екі шақырымдық құрақ көрпе жайды
15.05.2026, 20:19
Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды
15.05.2026, 20:16
Қаскелең өзені қоқыстан тазартылды
15.05.2026, 20:13
Конституциялық реформалар жүйелі іске асып жатыр
15.05.2026, 20:09
Көкшетауда «Отбасы аллеясы» ашылды
15.05.2026, 20:08
Астананың сәні мен сәулетін бақылайтын арнайы кеңес құрылуы мүмкін
15.05.2026, 20:08
«Worldskills Astana-2026» чемпионаты басталды
15.05.2026, 20:06