Жетісу облысында жыл басынан бері 18 заңсыз ағаш кесу фактісі тіркелді
Жетісу облысында заңсыз ағаш кесу деректері тыйылмай тұр. Жыл басынан бері өңірде осындай 18 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Әсіресе бұл жағдай Талдықорған қаласында жиілеген. Өңір орталығында 10 дерек анықталды. Айта кетейік, заңсыз ағаш кескен 4 адамға жалпы көлемі 519 мың теңге айыппұл салынды. Ал қалған құқық бұзушыларға қатысты материалдар келтірілген шығын көлемін анықтау үшін тиісті органдарға жолданды.
Мәди Шәкенов, Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі:
Жасыл желекті зақымдаған және де заңсыз ағаш кесу фактілері бойынша жауапкершілікке тартылған азаматтар 1 түп ағашқа 10 ағаш отырғызады. Ал жалпы Жетісу облысы бойынша жыл соңына дейін 24 мың ағаш отырғызу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Халықтың мәселесі әрбір заң жобасының өзегі болуы шарт»
29.08.2026, 11:34
«Депутаттарға Абайдың «Толық адам» тұжырымы үлгі болуы тиіс»
29.08.2026, 11:32
Ғылым мен білім – ел дамуының негізгі тірегі
28.08.2026, 20:34
Денсаулық сақтау жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр
28.08.2026, 20:30
Диқандар кәсіпорын қалдығын кәдеге жарата бастады
28.08.2026, 20:28
Ақмола облысында мектептерде күрес залдары ашылып жатыр
28.08.2026, 20:27
Шыңыраудың түбінен көмір қазған кеншілер
28.08.2026, 20:22
Ақтөбеде оқушылар ауа райын болжайтын құрылғы құрастырды
28.08.2026, 20:19