БҚО-да 2 мыңнан астам киік өлексесі жойылды
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 2 мыңнан астам киік өлексесі жойылды. Мал секілді киіктердің де біразы қыстан көтерем болып шығады да, табиғи ортада сұрыпталады. Сондықтан бұл жағдай жылда қайталанатын табиғи құбылыс дейді мамандар. Былтырғы, төлдеуден бұрынғы ресми санақ бойынша аймақта 2 млн 300 мың бөкен бар. Ал өңірде әуе санағы енді басталады. Түз тағысының егізден туып, өсімтал жануар екенін ескерсек, биыл киік саны екі есе көбеюі мүмкін. Жаппай төлдеу мамырдың 3–4-іне келеді деп болжанып отыр. Айта кетейік, былтыр киік санын реттеуге рұқсат беріліп, өңірде 108 мыңнан астам бөкен ауланды.
Қайрат Қадешев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
Кейбір ақпарат құралдарында бір мезетте Сарыөзеннен 1600 киік өлігі табылды деп айтып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Сондықтан біз тағы да мәлімдейміз: жыл басынан бері жиналып келе жатқан саны 2000-нан асып отыр. Бұл – табиғаттың құбылысы. Жылда болатын нәрсе. Табиғи өлімнен болған ұшалары кездесіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әли Тұрғанбеков Пара жүзуден күміс жүлде иеленді
26.10.2026, 22:07
Өзара құрмет бар жерде сыйластықтың салмағы артады
26.10.2026, 21:33
Өскеменде ұлттық мерекеге орай Мемлекеттік ту салтанатты түрде көтерілді
26.10.2026, 21:20
Ұлттық бірегейлік – ұрпақ тәрбиесінің негізі
26.10.2026, 20:55
Шымкентте Республика күніне орай Мемлекеттік ту 100 метр биіктіктегі тұғырға көтерілді
26.10.2026, 20:32
Жетісу облысының тұрғындары Республика күнін кең көлемде атап өтті
26.10.2026, 20:32
«Абай Quiz» ойынында 100 команда сайысқа түсті
26.10.2026, 20:18
Тараз вокзалы пайдалануға берілді
26.10.2026, 20:18